Өзбекстан Қазақстан нарығын жаулап алды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Өзбекстан жеміс-көкөніс өнімдерін шетел нарығына жеткізуді айтарлықтай арттырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің деректеріне сәйкес, биылғы жылдың қаңтарынан тамызына дейінгі аралықта ел бюджеті алма экспортынан 11,6 миллион доллардан астам кіріспен толықты. Аталған кезеңде 22,6 мың тонна өнім 10 түрлі елге жөнелтілді.

НЕГІЗГІ ТҰТЫНУШЫ ЕЛДЕР

Өзбек алмаларының басты сатып алушылары Қазақстан мен Ресей болды – олардың көрсеткіштері шамалас:

  • Ресей — 10 721 тонна
  • Қазақстан — 10 098 тонна
  • Қырғызстан — 1 275 тонна
  • Түрікменстан — 167,4 тонна
  • Ирак — 164,3 тонна
  • Басқа елдер — 192,2 тонна

БҰҒАН ДЕЙІН

Қытай мен Өзбекстан Қазақстанның қатысуынсыз жаңа сауда бағытын іске қосқанын жазған едік. 

2025 жылғы 15 қазанда Қашғар қаласынан Қытай мен Қырғызстан шекарасына қарай жарық жабдықтары, механикалық бұйымдар және халық тұтынатын тауарлар тиелген жеті жүк көлігі жолға шықты. Жүк Өзбекстанға 21 қазанда, Түрікменстанға 24 қазанда жетеді. Түрікменстаннан тауарлардың бір бөлігі Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға жөнелтіледі.