"Қайрат" – "Астана" матчы: Алматыда көлік қозғалысы шектеледі

Сырым Қаржас
Алматы полиция департаменті

Алматыда "Қайрат" – "Астана" матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәлімтенше, бүгін, 26 қазанда "Қайрат – Астана" футбол матчының өтуіне байланысты, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

– Алматы қаласының полициясы азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Астана" арасындағы чемпиондық тартыс бүгін, 26 қазан күні сағат 15:00-де өтеді.