Білім саласындағы бірнеше шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

Сырым Қаржас
razoom.mgutm.ru

Білім беру саласындағы бірқатар лауазымды тұлғалар мемлекеттік аудит нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Есеп комитетінің мәліметінше, Білім министрлігі, жетекші жоғары оқу орындары мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері мен басшылары тәртіптік жазаға тартылған. Олардың қатарында Орта білім комитеті мен Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағаларының орынбасарлары да бар.

– Биыл ақпанда орта білімді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігін бағалау мақсатында мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру барысында педагогтарды даярлау және жұмысқа орналастыру, оқу процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуі, мемлекеттік реттеу және басқа да бағыттар бойынша бірқатар кемшіліктер мен проблемалық мәселелер анықталды, – делінген хабарламада.

Тәртіптік жазаға тартылған тұлғалардың толық тізімі сілтемеде жарияланған.