«Мәжіліске барсам» - шу болған мәслихат депутаты Нұрайым Шәкімерген

Ілияс Бақыт
Айдос Игиликов парақшасынан

Бұған дейін желіде мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтан "бала тапты" деген Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Нұрайым Шахимергеннің тағы бір мәлімдесі елең еткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“МӘЖІЛІСКЕ БАРСАМ...”

Түркістан облысының ең жас депутаты журналист Айдос Игілікке сұхбат берге. 

“Күні кеше Түркістан облысының ең жас мәслихат депутаты Нұрайым Шахимергенмен сұхбатым жарық көрді. 23 жасында ел сеніміне ие болған нәзік жандының ашық пікірін тыңдап отырып, бір нәрсеге анық көзім жетті:Ақпараттық шабуылмен рухы сынатын адам емес екен.Ол туралы түрлі сыбыс айтылуы мүмкін. Бірақ шындық біреу — оны халық сайлаған. Заңды мандаты бар.”- деп жазды журналист. 

Журналист сөз арасында Шахимерген ханымның “мәжіліске барсам” деген ниетінің де бар екенін айтып қалған. 

“Оған ауыр сөз айтып, жала жапқандар көп болуы мүмкін. Бірақ Нұрайым ханым артқа шегінбей, қайта «Мәжіліске барсам» деген нақты ниетін айтып отыр. Құқығы бар. Көп нәрсе эмоциямен бағаланады, бірақ саясат сабырмен жүрілетін жол. Жас та болса, осыны түсінетін өкілдің бар екені қуантады” – деп жазды Айдос Игілік. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев әлеуметтік желілерде өзіне қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берген. 

Желі қолданушылары депутат Қырықбаев Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шәкімгеренге мандатын «сыйлады» және «сырттан туған баласын жасырып жүр» деген мәліметтер таратқан.Депутат бұл жеке өмірі екенін айтып бірақ мәслихат депутатынан ұлы бар екенін растады.