Украина Қырымдағы энергетикалық нысанға шабуыл жасады

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Украинаның арнайы операциялар күштері Қырымдағы мұнай базасына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Telegram-дағы ресми парақшасында Украина арнайы операциялар күштері 10 қарашаға қараған түні Симферополь ауданына қарасты Гвардейское елді мекеніндегі «Гвардейская» мұнай базасына дрондармен сәтті шабуыл жасалғанын жазды. Дрондар базадағы сорғы стансасын нысанаға алған.

«Гвардейская» мұнай базасы Қырымдағы оккупациялық биліктің отын-энергетикалық жүйесінің маңызды элементі болып табылады», — делінген хабарламада.

Жазбаға дроннан түсірілгендей көрінетін видео тіркелген. BBC бұл видеоны верификациялаған жоқ, шабуылдың шынайылығын тәуелсіз дереккөздер арқылы растау мүмкін емес.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұған дейін Қырым аумағында түнде үш дронның атып түсірілгенін хабарлаған. Қырымдағы жарылыстар туралы басқа ресми мәлімдемелер жасалмаған.