ДСМ Түркияда емделіп келген Ербаянның жағдайы туралы айтты

Сырым Қаржас
Әлеуметтік желіден

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Ербаян Мұхтардың Түркияда емделіп келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мұратовтың сөзінше, Ербаянның жағдайы қазір тұрақты. 

- Иә, біз пациентті Ыстамбұлдан Астанаға жеткіздік. Қазіргі жағдайы тұрақты. Қазақстанға жеткізу барысында да, ұшу кезінде де пациенттің витальды функциялары зардап шеккен жоқ, – деді Тимур Мұратов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, күні кеше Инга Иманбай әскерде жараланған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емделіп, Астанаға аман-есен оралғанын хабарлаған болатын. Оның сөзінше, Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтаған.