Новороссийскідегі мұнай базағсына шабуыл жасалды: Қазақстанға қалай әсер етпек

Сырым Қаржас
Фото: Dmitry Feoktistov/Tass/dpa/picture alliance

Қазақстанның энергетика министрлігі Новороссийскідегі мұнай базасына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Новороссийск портының «Шесхарис» мұнай терминалында болған оқиғаға байланысты мынадай мәлімет берді.

- Қазіргі уақытта Атырау – Самара және Ақтау – Махачкала бағыттары бойынша қазақстандық мұнайды қабылдау және тасымалдау қалыпты режимде жүріп жатыр, ешқандай шектеу жоқ. Жедел ақпарат алу үшін ведомство “Транснефть” компаниясымен байланыста. Жағдай тұрақты бақылауда, – делінген хабарламада.

МҰНАЙ БАЗАСЫНА ЖАСАЛҒАН ШАБУЫЛ

Түнгі уақытта Новороссийскіге жасалған дрон шабуылы салдарынан «Шесхарис» ауыстырып тиеу кешеніндегі мұнай базасы зақымданды. Краснодар өлкесінің жедел штабы мұнай терминалына соққы жасалғанын және өрт шыққанын растады. Сонымен бірге жағалаудағы бірқатар нысандардың бүлінгені хабарланды, деп жазады DW.

«Шесхарис» – «Транснефть» компаниясының мұнай құбырлары келіп қосылатын соңғы нүкте. Терминал мұнай мен мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және экспортқа тиеу, сондай-ақ Краснодар өлкесіндегі зауыттарға мұнай жеткізу үшін пайдаланылады.