Швецияда радикалдар Құранды көпшілік алдында өртеуге рұқсат берді

Ulysmedia

Швеция билігі әсіре оңшыл белсенді Расмус Палуданға Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдында Құран кітабын көпшілік алдында өртеуіне рұқсат берді. Бұл туралы Anadolu басылымына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Расмус Палудан әсіре оңшыл «Күрделі мәміле» партиясының негізін қалаушы. Исламға қарсы көптеген бейнероликтерімен танымал.

Бұл жолы экстремистер 21 қаңтар күні мұсылмандар үшін қасиетті кітапты қорлау акциясын өткізбекші.

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем журналистердің сұрағына жауап бере отырып, полицияның Түркия елшілігінің алдында Құранды өртеу рұқсатын «демократия және кең сөз бостандығы» деп түсіндірді.

"Сыртқы істер министрі ретінде маған араласып, адамның демонстрацияға шығуына тыйым салуды талап ету өте орынсыз болар еді. Елде мұндай шерулердің болуы Швецияның демократиясының бір бөлігі болып табылады", - деді ол Billström газетіне берген сұхбатында.