Трамп пен Си Цзиньпин Украинадағы соғысты талқылады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті. Америкалық басшы бұл әңгімені «өте мазмұнды» деп атап, пікір алмасу кезінде маңызды тақырыптар қамтылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тараптар не талқылады

Трамптың айтуынша, телефон арқылы Украина мен Ресейге қатысты жағдай, фентанил мәселесі, соя мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімі сөз болған. Ол екі тарап «америкалық фермерлердің мүддесіне сай өте маңызды келісімге» келгенін, ынтымақтастық бұдан әрі де кеңейетінін айтты. Сондай-ақ Вашингтон мен Бейжің арасындағы қатынастарды «аса берік» деп сипаттады.

Өзара шақырулар

Трамптың сөзіне қарағанда, Си Цзиньпин оны сәуір айында Бейжіңге шақырған. АҚШ президенті бұл ұсынысты қабылдады. Өз кезегінде ол Қытай басшысын биыл жыл соңында АҚШ-қа мемлекеттік сапармен келуге шақырды.