Қытай Қазақстанда зауыт салмақ

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қытай тарапы Қазақстанда жаңа ірі қант зауытын салу туралы жоспарды ресми түрде растады. Кәсіпорын 2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Солтүстік Қазақстан облысы Қытаймен байланысын күшейтіп, КХР-ға жасаған сапар аясында 7 стратегиялық меморандумға қол қойды. Ең маңызды келісім — CITIC Construction компаниясымен қант зауытын салу туралы құжат.

Облыс әкімдігі бұл сапарды өңірдің экономикалық және ғылыми ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам деп бағалады. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты жаңа бағыттарды да талқылаған.

ЖОБАЛАР

Сонымен қатар, бірқатар ынтымақтастық бастамалары келісілді:

  • Қазақстан–Қытай аграрлық ғылыми орталығын құру — агротехнологияны беру және ғылыми зерттеулерді дамыту үшін.

  • Өңірде картон зауытының құрылысына қажет жабдықтарды жеткізу туралы меморандум.

- Бейжіңде Қытайдың ірі мемлекеттік және жеке компанияларымен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарымен келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысында жеті стратегиялық меморандумға қол қойылды. Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышевтің қолдауымен өткен сапар өңірдің жетекші қытай корпорацияларымен экономикалық және ғылыми-техникалық байланысын нығайтудың маңызды кезеңіне айналды, — делінген әкімдік хабарламасында.

ТЕҢІЗ ПОРТЫ

Еске салайық, күні кеше Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қытайлықтар Ақтауда теңіз портын салатынын хабарлаған болатын.