Жас актер әрі спортшының құрметті атақ алуы талқыға түсті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Жас актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтардың құрметті атақ алуы талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күні кеше 30 жастағы Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған. 

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді, деп жазды актер. 

ҚАЗНЕТТЕГІ ТАЛҚЫ

Тоқтардың құрметті атақ алуы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Бірі актерді құттықтаса, енді бірі “не үшін берілген?” деп дал болған. 

- Еңбек сіңірген қайраткері? Қазақстан үшін қандай енбек сіңірдің, соны айтып кетсең түсіндіріп, не істедің жалпы?

- Кез келген адамға бере салатын құны жоқ қағаз болғаны ма? Түсінем Димаш алса,Мұхтар Шаханов алса…

- “Қазақстаннын еңбек сіңірген қайраткері” деген атақ даңқтың қадірі кеткен екен. Үкіметте шаруам жоқ дегені үшін алған шығар.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Вице-премьер, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осыған қатысты желідегі парақшасында түсінік берді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Олардың қатарында Еркебұлан Тоқтар да болған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Еркебұлан Тоқтар үкіметтің жұмысына қатысты айтқан сөзі үшін сынға ұшыраған болатын. 

Актер қазақстандық басылымдардың біріне берген жауабында жекіріп сөйлеп, “үкіметтің жұмысында не шаруаларың бар?” деп жауап берген еді.