Астанада 30 градус аязда дизельді және қоғамдық көлік қозғалысы шектелді

Сырым Қаржас
Pexels.com

Бүгін, 9 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты дизельдік және қоғамдық көліктердің барлық бағыттағы қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қалада температураның 30 градусқа дейін төмендейді. Мамандардың айтуынша, боран мен екпіні күшті жел көріну деңгейін төмендетіп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға үндеді:

  • Жеке көлікпен жолға шықпаңыз. Егер қажет болса, қоғамдық көлікті пайдаланыңыз және маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз;
  • Көшеде абай болыңыз. Боран мен жел көруді қиындатуы мүмкін, жолдар тайғақ болады. Жылы киім, тайғақтан қорғайтын аяқ киім киіңіз;
  • Жылыту жүйесін тексеріңіз. Үйіңізде жылыту дұрыс жұмыс істейтініне және отын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
  •  Көшеде ұзақ тұрмаңыз. Аяз бен жел үсік шалуға себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласуға болады.