Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

“ҚазАвтоЖол”  компаниясы Қазақстанның тағы екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қала сыртындағы жолдарда автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді:

  • Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы бағытындағы автожолдың 534–593 шақырым аралығы (Айша-Бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды:

  • Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы бағытындағы автожолдың 593–654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).

АШЫЛУ УАҚЫТЫ

Бұл жол учаскелерін ашу уақыты шамамен 11 желтоқсан күні таңғы сағат 07:00 деп жоспарланып отыр.