Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

11 желтоқсан күні түнге қарай елдің төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ

Сағат 19:00-де Сарыөзек–Көктал бағытындағы автожолдың 0-68 шақырым аралығында, яғни Сарыөзек ауылынан Алтынемел асуына дейін барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды.
Жолдың ашылуы 12 желтоқсан күні таңғы 8:00-ге жоспарланған.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Қордай–Алматы жолының жабылуына байланысты көлік ағыны артқандықтан, сағат 18:30-дан бастап Тараз–Шымкент бағытында жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл шектеу тек Таразға қарай жүретін бағытқа қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 19:00-де Шымкент–Тараз бағыты бойынша жүк көліктеріне қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жолдың ашылуы 12 желтоқсан күні таңғы 7:00-ге жоспарланған.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасы шекарасы бағытындағы автожолдың 65-136 шақырым аралығында, яғни Ақбастау ауылынан Байсейіт көпіріне дейін барлық көлік түріне қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолдың ашылуы 12 желтоқсан күні таңғы 6:00-ге жоспарланған.