Еуропалық одақ алдағы екі жылға Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруді мақұлдап, бұғатталған ресейлік активтерді қаржыландыру көзі ретінде қолдану идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Еуропа көшбасшылары Украинаны қолдау үшін бірлескен қарыз тетігі арқылы 90 млрд еуро тартпақ.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл шешімді маңызды қадам деп бағалады.
— Бұл — біздің төзімділігімізді шын мәнінде нығайтатын елеулі қолдау, — деп жазды ол Telegram-дағы парақшасында.
Сарапшылардың бағалауынша, Киев үшін қаржыландыру көздерін табу аса маңызды болды: ЕО көмегінсіз Украина келесі жылдың екінші тоқсанында-ақ қаржы тапшылығына тап болуы мүмкін еді. Брюссельде мұндай сценарий Ресейдің позициясын күшейтіп, Еуроодақ шекарасына қауіп-қатерді жақындатады деп алаңдайды.