Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, 22 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАБЫЛҒАН ЖОЛ УЧАСКЕЛЕРІ

  • «Атырау – Орал» тас жолы, 373–492 шақырым (Чапаево ауылы – Орал қаласы аралығы);
  • «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясы шекарасы» тас жолы, 195–246 шақырым (Ресей шекарасы – жол полициясы бекеті аралығы);
  • «Ақтөбе – Орал – Ресей Федерациясы шекарасы» тас жолы, 273–393 шақырым (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы аралығы);
  • «Орал – Тасқала – Ресей Федерациясы шекарасы» тас жолы, 4–104 шақырым (Орал қаласы – Ресей шекарасы аралығы).

ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ АШЫЛУЫ

Алдын ала жоспар бойынша жолдар 23 желтоқсан күні таңғы сағат 08:00-де қайта ашылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолға шыққан жүргізушілерге ірі көлемде айыппұл немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Жол жабық болғанына қарамастан қозғалған жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес жауапқа тартылады. Бұл бап «Құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» деп аталады. Жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (2025 жылы – 78 640 теңге, 2026 жылы – 86 500 теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған.