Депутаттық сауалдан кейін қазақстандық киностудия жұмысын тоқтатты

Сырым Қаржас
pixabay.com

Қазақстанда прокаттан алынып тасталған фильмді түсірген Tiger films киностудияыс жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Студияның негізін қалаушы Алмат Шадматтың сөзінше, бүгіннен бастап кино түсіру жұмыстарын толық тоқтатады.

- Бұл шешім бір күнде қабылданған жоқ. Жағдайды жан-жақты сараптаудың нәтижесі. Қазіргі киноиндустрия тұрақсыз, болжап болмайтын қаржы жәе репутациялық қаупі бар сала екенін тәжірибе жүзінде көрдік. Қалыптасқан жағдайда кино өндіріс жалғастыру экономикалық және стратегиялық тұрғыдан тиімсіз деп санаймыз, – дейді Алмат Шадмат. 

Сондықтан компания қызметінің бағыты өзгерген. Енді компания тек киноға арналған құрал жабдытарды жалға берумен айналыспақ. 

- Бұл шешімге әсер еткен негізгі фактордың бірі – біздің фильмнің Оскар сыйлығына жіберілмеуі үшін туындаған жанжал. Сонымен қатар, жекелеген депутаттардың мәлімдемелері нәтижесінде киностудиямызға имидждік және репутациялық зиян келді. Бұл жағдай біз үшін соңғы шешімді қабылдауға түрткі болды, – дейді компания басшысы. 

КОНТЕКСТ

Еске салайық, жақында ғана прокатқа шыққан фильм барлық кинотеатрлардан алынып тасталған болатын. 

Фильмнің сценарий авторы Нұржан Еркінұлы азамат бұны цензура деп қабылдайтынын жазған.

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Бұған дейін депутат Ерлан Саиров ру атауын брендтің дамуы үшін пайдаланатындар туралы депутаттық сауал жолдаған еді.