Эпштейн ісі бойынша жаңа құжаттар жарияланды

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Америка Құрама Штаттарының Әділет министрлігі Джеффри Эпштейн ісіне қатысты сегізінші топ құжаттарды жариялады. Бұл жолы мыңдаған файл ұсынылды: суреттер, тергеу материалдары, деректер кестелері, газет қиындысы және аудио жазбалар бар. Жалпы көлемі шамамен 10 гигабайт – бүгінге дейінгі ең үлкен жарияланым, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП ЖӘНЕ ЭПШТЕЙН ҰШАҒЫ

Жарияланған электрондық хаттардың бірінде:

«Дональд Трамп Эпштейннің жеке ұшағымен бұрын айтылғаннан әлдеқайда жиі ұшқан»-  делінген.

Бұл хат 2020 жылдың 7 қаңтарында жазылған және «Эпштейннің ұшулары» тақырыбындағы хат алмасудың бөлігі болып табылады.

Жіберуші мен алушы көрсетілмеген, бірақ хаттың төменгі жағында Нью-Йорк қаласының Оңтүстік округіндегі АҚШ прокурорының көмекшісінің қолы бар, аты-жөні өшірілген.

ҰШУ ТІЗІМДЕРІНДЕГІ ЕСІМДЕР

Электрондық хатта Трамп 1993–1996 жылдар аралығында кемінде сегіз рейсте жолаушы ретінде тіркелгені айтылған.

Олардың ішінде төрт рейсте Гислейн Максвелл де болған.

Әр кезеңде ол Марла Мейплзбен, қызы Тиффанимен және ұлы Эрикпен бірге ұшқаны көрсетілген.

1993 жылғы бір рейсте жолаушылар тізімінде тек екі адам – Эпштейн мен Трамп болған. Басқа бір рейсте үш жолаушы ғана көрсетілген: Эпштейн, Трамп және аты-жөні өшірілген, сол кезде 20 жастағы адам.

БОЛАШАҚ КУӘЛЕР

Хатта тағы екі рейсте жолаушылар әйелдер болғаны, олар Максвелл ісінде куәгер ретінде қарастырылуы мүмкін екендігі  жазылған.