Қар, боран және көктайғақ: Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады

Сырым Қаржас
Stock

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығыс өңірлерінде қолайсыз метеорологиялық құбылыстар күтіледі.

27-29 желтоқсан аралығында батыс өңірлерде қар жауып, боран соғады, ал 29 желтоқсанда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық аймақтарында да қар мен боран болжанып отыр.

Қалың қар 

  • 27 желтоқсанда — елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында;
  • 28 желтоқсанда — батыс өңірлерде жаууы мүмкін.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанда ауа температурасы құбылады. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнде ауа температурасы –10…–18 °C-қа дейін төмендеп, күндіз –8…0 °C шамасында болады.

Елдің шығысында түнде –15…–20 °C, күндіз –5…–10 °C болады.

Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 0…+5 °C, таулы аудандарда –5…–10 °C болады, ал күндіз +5…+15 °C-қа дейін жылынады. Таулы аймақтарда күндізгі температура –4 °C пен +1 °C аралығында құбылады.