Жолға шықпаңыз - қай өңірлерде жол жабық

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

29 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірнеше жол бөлігінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Негізгі себеп – қолайсыз ауа райы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

«Ресей Федерациясы шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – Қытай Халық Республикасы шекарасы» автожолының 776-шы шақырымынан 1240-шы шақырымына дейін, яғни «ЭКО ойл» жанармай бекетінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралықта қозғалыс тоқтатылды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Осы жолдың 1240-шы шақырымынан 1362-ші шақырымына дейін, яғни Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігінде де көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

ҚАШАН АШЫЛАДЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, жолды 30 желтоқсан күні таңғы сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.