Қазақстанда жолдарға тұз себу тоқтатылды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Жолдағы мұзды кетіру үшін қолданылып келген тұздан бас тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Себебі оның топыраққа, жасыл желекке және қала экожүйесіне зиянды әсері бар. Оның орнына арнайы базаға енгізілген басқа материалдар қолданыла бастады.

ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының дерегінше, базаға бес отандық мұзға қарсы материал тіркелген. Олар құрғақ және сұйық түрінде шығарылады, құрамында хлорид жоқ. Бұл жолдарға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға тиіс.

БҰҒАН ДЕЙІН

29 желтоқсан күні кешкі сағат 19:30-дан бастап республикалық маңызы бар бірнеше жол бөлігінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Негізгі себеп – қолайсыз ауа райы