Кейбір қазақстандықтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда кейбір азаматтарға зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қоғамдық кеңес отырысында талқыланған негізгі мәселе — мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы. Құжатта саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған.

Атап айтқанда, мал шаруашылығында еңбек ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады. Соның ішінде:

  • қойшылар мен малшылардың зейнет жасын төмендету,

  • әскери қызметті кейінге шегеру,

  • олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен беру мәселелері бар.

Министрлік мәліметінше, бұл бастамалар салада еңбек етіп жүрген мамандарды қолдауға және кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.

Қоғамдық кеңес мүшелері Агробизнесті дамытуға арналған кешенді жоспар жобасын бірауыздан мақұлдаған.