«Қазгидромет» синоптиктері 13 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Түнде Абай облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, боран, көктайғақ болады. Жел – солтүстік-батыс, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Семейде түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел – солтүстік-батыс, түнде екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының түнде және күндіз күрт төмендеуі 20–25 градус аязға дейін күтіледі, 14–15 қаңтарда түнде одан әрі төмендеп, 30–35, облыстың солтүстігі мен шығысында 38 градус аязға дейін жетеді. Петропавлда ауа температурасының түнде және күндіз күрт төмендеуі –22…–24 градусқа дейін күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыстан, шығыстан, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыс, түнде екпіні 15–18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел – солтүстік-батыстан шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15–20 м/с.
13 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел – оңтүстік-батыстан, батыстан, түнде солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу боран, көктайғақ күтіледі. Жел – оңтүстік-батыс, батыс, түнде екпіні 15–20 м/с.
13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күшті қар жауады. Жел – солтүстік-батыс, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. Өскеменде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел – солтүстік-батыс, түнде екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыс, күннің соңына қарай облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыс, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел – шығыстан, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15–20 м/с. Қызылордада кей кездері тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында түнде қар, боран, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, боран, көктайғақ болады. Жел – солтүстік-батыс, түнде 15–20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Павлодарда түнде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Жел – солтүстік-батыс 15–20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел – солтүстік-шығыс, күндіз облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, 14 қаңтарда күндіз екпіні 23 м/с. Таразда кей кездері тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде жаяу боран күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Жел – солтүстік-батыс, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15–20, түнде кейде 23 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында ауа температурасының түнде 18–23 градус аязға дейін төмендеуі, аздаған қар, жаяу боран күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Көкшетауда ауа температурасының түнде 18–20 градус аязға дейін төмендеуі, 14–15 қаңтарда түнде одан әрі 33–35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей кездері тұман күтіледі. Жел – оңтүстік-шығыс, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең кей кездері тұман күтіледі.
Алматы облысының батысында күндіз батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 18 м/с. Қонаев қаласында күндіз батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күтіледі.