Рамазан айы, Ораза және Құрбан айттарының күндері бекітілді

Сырым Қаржас
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РАМАЗАН АЙЫ

Қазақстанда қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы мүфтият мәлімдеді.

ҚАДІР ТҮНІ МЕН ОРАЗА

Биыл Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал мұсылмандар Ораза айт мерекесін 20 наурызда атап өтеді.

ҚҰРБАН АЙТ

Мұсылмандардың ең маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт биыл 27–29 мамыр аралығында өтеді. Мереке үш күн бойы аталып өтпек.

Мүфтияттың түсіндіруінше, һижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып есептеледі. Осыған байланысты азаматтарға алдын ала ескерту жасалды: діни мерекелердің нақты даталары жаңа айдың көрінуіне қарай бір күн ерте немесе кеш белгіленуі мүмкін.