18 қаңтар күні таңертең Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытында трансформатордан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алдын ала деректер бойынша, шамамен сағат 09:55-те 52-учаскеде, ГТГ-1 және ГТГ-2 газтурбиналық генераторларының арасындағы трансформатор аймағында өрт тұтанған. Зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.
Барлық қызметкер қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Хабарлама тараған сәтке қарай өрт оқшауланған. Зауыт рециркуляция режиміне ауыстырылды. Оқиғаның себептері мен өзге де мән-жайлары нақтыланып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Астананың Алматы ауданындағы көпқабатты үйде өрт шыққан болатын.