2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Салық және Әлеуметтік кодекстерге өзгерістер енгізіліп, зейнетақы жүйесінің жұмысы жаңартылды. Реформаға сәйкес, зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан толық босатылды, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі 3,5 пайызға дейін көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2026 ЖЫЛҒА НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Республикалық бюджет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес:
Бұл көрсеткіштердің өсуі жеткіліктілік шектерін есептеуге тікелей әсер етеді.
ЖЕТКІЛІКТІЛІК ШЕКТЕРІ
Жеткіліктілік шегі – бұл жеке зейнетақы шотында міндетті түрде сақталуы тиіс қалдық. Ол азаматқа ең төменгі зейнетақыдан кем емес төлем алуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы негізгі жеткіліктілік шектері:
САЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Жаңа Салық кодексіне сәйкес:
ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРҒА САЛЫҚТЫ ҚАЙТАРУ
Әлеуметтік тұрғыдан осал топтар біржолғы төлемдерден төлеген 10 пайыздық салықты қайтарып алу құқығына ие болды. Бұған:
2025 жылы өтініш беру мерзімі 3 жылдан 5 жылға ұзартылды.
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТТІ ЖАРНАСЫ
2026 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 3,5 пайызға дейін көтерілді.
Бұл жарналар қызметкердің жалақысынан ұсталып қалмайды, жұмыс берушінің есебінен төленеді. Жарналар мұраға қалдырылмайды және жүйе ішінде қайта бөлінеді.
ЖИНАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
2026 жылдың 12 қаңтарынан бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы емделуге өтініш қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл шешім алаяқтық пен заңсыз ақша шығару әрекеттеріне тосқауыл қою үшін қабылданды.
2025 жылы бағдарлама стоматология, офтальмология және пластикалық операцияларды қаржыландырудан шығарған болатын. Жаңа өтініштер жүйелерді біріктіріп, бақылауды күшейткеннен кейін қайта қабылданады.
Ал тұрғын үй сатып алу немесе ипотеканы өтеу үшін жинақтарды пайдалану бұрынғыдай қолжетімді, бірақ 2026 жылғы жеткіліктілік шектері ескеріліп жүзеге асады.