4,5 млрд теңге жымқырған OrdaMed басшылығы ұсталды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Медициналық бұйымдарды отандық өндіруді жалған көрсетуге негізделген ауқымды схема әшкереленіп, жолы кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдалана отырып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген.

ЗАЛАЛ

Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген. Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, «Interdentica», «Erkin Brand» және «OrdaMed» компанияларындағы қатысу үлестері тыйым салынған.

ҚАМАУ

Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.