8 қылмыстық іс қозғалды: сталкинг заңы іс жүзінде қалай жұмыс істейді

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

ҚР Ішкі істер министрлігінде қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері елде енгізілген жаңа қылмыстық бап аясында оқудан өтіп жатқаны мәлім етілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство Семей қаласында түсірілген резонансты бейнежазбаға түсініктеме берді. Онда қыз бала көшеде жүргіншіні қудалаған. Бұзушыға 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха атап өткендей, бұл жағдайда сталкингке қатысты жаңа бапты қолдану қажеттілігі қарастырылып жатыр.

ЦИТАТА

«Қылмыстық істер қозғау фактілері бар. Бұл бап жұмыс істейді, бірақ белгілі бір тәжірибе қалыптасуы тиіс. Біз қазір өз қызметкерлерімізді оқытып жатырмыз. Осы нақты жағдай бойынша мен барып, тапсырма беремін. Барлық мән-жайларды тексереміз және қажет болса, қосымша шаралар қабылдаймыз. Қазірдің өзінде сегіз қылмыстық іс қозғалды. Бірақ олардың сотқа жеткен-жетпегенін айта алмаймын», – деді вице-министр.

СТАЛКИНГ

Еске сала кетейік, сталкингке қатысты бап Қазақстанда өткен жылдың қыркүйек айынан бастап енгізілді. Ол ауырлататын жағдайларсыз мынадай жазаларды қарастырады:

  • Айыппұл – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін;

  • Түзету жұмыстары – 200 сағатқа дейін;

  • Қоғамдық жұмыстар – 200 сағатқа дейін;

  • Қамау – 50 тәулікке дейін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Нұрай Серікбайды өлтіруге күдіктіге қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды – ол сталкинг бабымен тіркелген.