Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысында қаралды.
Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
- Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты, – деді ол.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.
- Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды, – дейді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.