Алматы полициясы жекеменшік мектептегі буллинг туралы деректі растамады

Сырым Қаржас
ipne.ws

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушыға қатысты буллинг болды деген ақпарат бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство хабарлауынша, іс Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Алайда тексеру барысында аталған деректер расталмаған, буллинг фактілері анықталмаған.

– Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Қабылданған шешім прокуратура органдарымен келісілген, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты, тексерілмеген ақпаратты таратпауға үндеді.

КОНТЕКСТ

Қыздың әкесі Қанат Әміркиннің айтуынша, қысым көрсету ұзақ уақыт бойы жалғасқан, ал мектеп әкімшілігі жағдайға тиісті деңгейде назар аудармаған. Қазір оқушының жағдайы тұрақты, ол медициналық көмек алып жатыр.