Қытай қазақстандық фермерлерді әбігерге салуын тоқтатты

Сырым Қаржас
rail-news.kz

Қытай Қазақстаннан жөнелтілген, бұған дейін шекарада ұсталып қалған ірі көлемдегі жемдік ұн партиясын елге кіргізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Алтынкөл – Қорғас» өткізу бекетінде ҚХР Бас кеден қызметі тарапынан жемдік ұн тиелген 62 контейнердің уақытша тоқтатылғанын растады. Қажетті түсіндірмелер мен құжаттар ұсынылғаннан кейін мәселе шешімін тапқан: барлық өнімді Қытай аумағына әкелуге рұқсат берілген.

– Қытай тарапының мәліметінше, контейнерлердің ұсталуына жемдік ұн бөлшектерінің мөлшеріне қойылатын талаптың сақталмауы себеп болған. Атап айтқанда, рұқсат етілген 1,2 мм-ден асатын фракцияның артықтығы тіркелген. Бұл көрсеткіш өнім құрамындағы бор мөлшерінің жоғары болуымен байланысты. Дегенмен өзге барлық параметрлер мен фитосанитарлық талаптар бойынша жемдік ұн Қытай нарығына шығарылатын өнімдерге қойылатын стандарттарға толық сәйкес келеді, – деп хабарлады ведомствоның мәлімдемесін АПК Новости.

Қазақстан тарапы Қытай жағына зертханалық қорытындылар мен ілеспе құжаттарды ұсынған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қытай Қазақстан ұнын шекарадан өткізбей жатқаны хабарланған еді