«Назарбаев, кет!» ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбай қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
- Түнде, сағат 1:23-те Астана қаласының соты Ермек Нарымбайды биылғы 3 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы қаулыны жариялады, — деп жазды журналист Лұқпан Ахмедияров бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
АНЫҚТАМА
Ермек Нарымбай — оппозициялық саяси белсенді. 2010 жылы ол өз жақтастарын жинап, Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік өкілетін айыру үшін референдум өткізуді талап еткен. Кейін ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
2016 жылы Нарымбай "Көше желі" атты кітаптан үзінді жариялағаннан кейін алауыздықты қоздырды деген айыппен сотталды. Белсендіге үш жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда тыйымға қарамастан, ол Қазақстаннан кетіп, Украинаға қоныс аударды. 2022 жылы қаңтар оқиғаларынан кейін Нарымбай отанына оралды, сол кезде ол ұсталды. Бірнеше айдан соң белсенді тергеу изоляторында азапталғанын айтып, аштық жариялады.