«Тез арада Тоқаевтың құлағына жеткізу керек»: заңгер Қазақстанда адамдар заңсыз ұсталып, сотталып жатқанын айтты

Рая Минап
Ulysmedia.kz коллажы

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов Назарбаев дәуірінде заңсыз сотталған адамдардың соңғы 5-6 жылда ақталып жатқанын айтып, жаңа Конституция жобасына қазақстандықтарды заңсыз ұстап, соттағаны үшін жазалауды көздейтін бап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНДА ҚАНДАЙ КЕМШІЛІКТЕР БАР

Заңгердің айтуынша, үшінші рет қабылданғалы жатқан жаңа Конституция жобасында бірқатар кемшілік бар.

- Жақсы білесіздер, 1993, 1995 жылдары қазақтың Ата заңы қабылданған еді. Бұл Конституциялар академик Салық Зимановтың қажырлылығымен, сөз шешендігімен, білімімен дәлелдеп, жақсы заңнама жасадлған болатын.Қазір Уақыт талабы, заман талабына орай үшінші жаңа Конституцияны талқылап жатырмыз. Уақыт озған сайын неше түрлі қылмыс түрлері шығып жатыр. Киберқылмыс, интернет алаяқтық, бұрын түсімізге кірмеген қылмыс түрлері пайда болды. Жаңа технологияның дамуына байланысты жаңа заң керек. Осындай кезеңде үлкен жұмыс тобы құрылды. Алдымен, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин басқарған жұмыс тобы құрылды. Одан кейін мемлекеттік деңгейде Конаституциялық комиссия құрылды. Бірақ, бәрібір Конституцияның жаңа жобасында кемшіліктер жіберіліп жатыр. Жақсы жақтары  да бар, жақсы тұжырымдар да бар. Жаңа Колнституциягның 5-бабы 6-бөлігінде «Режимді аумақтар құру» деген мәселе бар. Бір заңгер әріптесім осы турасында орысша баяндма жасады. Осыны қазақша аударғанда ол басқаша мәнге ие болып, оны жеке басым әлі түсіне алмай жатырмын. Бәріңіз жобамен таныссыздар, осы жерін алып тастауға болады деп есептеймін,  - дейді ғалым.

Есберген Алаухановтың айтуынша, мемлекетімізде мынадай тәжірибе бар. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, халықаралық сот құрылды, Алатау қаласы салынады, еркін экономикалық аймақ құрылады, бұның бәрі Үкіметтің арнайы қаулысымен іске асырылады. Сондықтан режимді аумақ құруды Конституцияға апарып кіргізудің қажеті жоқ. Бұл Үкіметтің құзыретіндегі дүниелер.

 - Конституция орысша жазылып, кейін қазақшаға аударылады. Аударған дүние басқаша мағынаға ие болады. Соның нәтижесі жоғарыдағы айтылған Жаңа Колнституциягның 5-бабы 6-бөлігі. Бір тарауды бірнеше заңгер аударады, одан әртүрлі мағынадағы дүнипе шығады. Заңды қазақша жазу ккерек. Қазіргі жаңа жоба әлі піспеген, әлі пісіруді қажет етеді. Оны әбден толықтырып, пісіріп қабылдау керек.Өте тез қабылданайын джеп жатыр. Асығатын дүние емес. Шала дүниемен болашақ ұрпақтың өмірін қор қыламыз, - дейді ғалым.

ҚАЗАҚСТАНДА НАЗАРБАЕВ ДӘУІРІНДЕ ЗАҢСЫЗ СОТТАЛҒАНДАР ҚАЗІР АҚТАЛЫП ЖАТЫР

Ғалым Конституцияда мемлекеттік маңызы бар мәселелер айтылуы керегін, алдымен Ата заң адамның құқықтары мен бостандықтарынан басталу керектігін айтты.

«Ең бастысы адамның құқығы туралы жаңа бап енгізілді. Бұл адвакатура туралы. Бұрынғы Конституцияда мұндай мәселелер жоқ еді. Мен көп жыл тергеуші, теоретик, судья болдым. Қандай дау болсын, Қазақстан Республикасы атынан сот үкімі шығарылады. Екі комиссия жұмыс істеп жатыр, бірақ ешкім ескеріп жатқан жоқ. Заңсыз ұстау, заңсыз қамау және заңсыз соттау деген нәрсе қазір қалыпты жағдай болып кетті. Кеңес дәуірінде адамды заңсыз тұтқында ұстайтын болса, тергеуші мен прокурорды бірден қызметінен босатып, сот  үкімімен жаза қолданатын. Қазір ол жоқ. Кез-келген адамды тапсырыспен қамауға болады, адвокаттың көмегін бермейді, адвокатпен кездестірмейді, сөйтіп, заңсыз соттайды. Міне, жаңа Қазақстан келген соң сол адамның бәрі ақталып жатыр. Неге біз осы мәселені Конституцияға енгізбейміз.  Жаңа Конституция жобасына заңсыз жауап алу, қамау және соттау үшін жазалайтын бап енгізу керек. Ондай бап жоқ. Бұл өте маңызды дүние. Осыны тез арада Президент Тоқаевтың құлағына жеткізу керек, - дейді заңгер

Пролфессор 130-дан астам адам жұмыс істеп жатқан Конституциялық кеңесте осы мәселе шешілмей жатқанын, адамның тағдырын шешетін нәрсе шешілмей, ескерусіз қалып жатқанын тағы да ескертті.

- Бас прокурор, Антикор басшысы болған адам қызметінен кеткен соң қаншама адамның заңсыз сотталып, мүлкі заңсыз тартып алынғаны, заңсыз азапталғаны белгілі болды. Соңғы 5-6 жылда соны ашып жатырмыз. Сондықтан адамның құқығын шектеуге болмайды деген бапты Конституцияға енгізу керек. Бұны қазір айтпасақ, болашақ ұрпақтың өмірін қор қыламыз ,-  дейді заңгер.

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТ ТАРАТҚАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын таныстырып, оның басты артықшылықтарына тоқталған еді. Қазір Қазақстанда Конституцияның жаңа жобасы қазір кеңінен талқыланып жатыр. Жаңа Конституцияның жобасы 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Айта кету керек, бұрынғы Конституциядағы нормалардың шамамен 84 пайызы жаңартылған.