8 ақпанда Қазақстанның қай өңірлерінде қар жауады

Сырым Қаржас
Pexels.com

"Қазгидромет" синоптиктері 8 ақпанда Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Метеорологтардың мәліметінше, жексенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы сақталады. Бұл солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен байланысты болады.

Ал батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын түседі. Бұл аймақтарда қар мен сулы қар жауып, кей жерлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін.

Еліміздің барлық аумағында жел күшейеді болжанып отыр. Кейбір аудандарда боран соғып, тұман түсіп, жолдағы жағдайды қиындатуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін 7 ақпанда Қазақстанның қай қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлаған едік.