Алматы мен Павлодарда тұрғын үй бағасы бойынша рекорд тіркелді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы мен Павлодар қалаларында тұрғын үй бағасы бастапқы және қайталама нарықта да рекордтық қарқынмен өсіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бастапқы нарық

2026 жылғы қаңтарда бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің орташа бағасы шаршы метрі үшін 604,8 мың теңгеге жетіп, бір жылда 17 пайызға қымбаттаған, деп жазады LS.

Жаңа тұрғын үй бағасының ең жоғары өсімі мына қалаларда тіркелген:

  • Алматы – +23%, шаршы метрі 719,6 мың теңге;

  • Павлодар – +18,5%, 478,4 мың теңге;

  • Ақтөбе – +18,4%, 341,2 мың теңге;

  • Астана – +18%, 715,4 мың теңге.

Қайталама нарық

Қайталама нарықта тұрғын үй бағасы 13,6 пайызға өсіп, орташа есеппен 624,5 мың теңге болды. Баға өсімі бойынша көш басында тағы да Алматы тұр — +24%.

Сондай-ақ айтарлықтай өсім мына қалаларда байқалды:

  • Павлодар – +16,2%, 446,7 мың теңге;

  • Ақтөбе – +13,5%, 371,2 мың теңге;

  • Астана – +10,4%, 727,5 мың теңге.

Жалдау нарығы

Жалға берілетін тұрғын үй сегментінде де баға өсімі тіркелді. Орташа өсім 12,5 пайызды құрап, шаршы метрі 5 мың теңгеге жеткен.

Ең жоғары өсім:

  • Павлодарда – +47%, 3,8 мың теңге;

  • Петропавлда – +40%, 4,5 мың теңге;

  • Ақтөбеде – +23,4%, 3,2 мың теңге.

Ал Алматыда жалдау бағасы бір жылда 12 пайызға өсіп, 6 мың теңге, ал Астанада 8,9 пайызға қымбаттап, 5,6 мың теңге болды.