Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков 15 наурызда өтетін референдумға қанша қаржы бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Темірбековтің сөзінше, тиісті бюджеттік сұрау әлі қаржы министрлігіне түспеген.
- Орталық сайлау комиссиясымен байланыстық. Олар бүгін түсткен кейін немесе ертең түске дейін бізге сұранымды жібереді. Референдумға жұмсалатын ақшаны үкімет резервінен аламыз, дейді Темірбеков.
РЕФЕРЕНДУМ
Еске салайық, бұған дейін Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылған болатын.
Референдум 15 наурызда өтеді.