Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының (ЕҚК) акционерлер құрамына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Шухрат Ибрагимов Еуразиялық қаржы компаниясының ірі акционері атанып, компания акцияларының шамамен 30 пайызын иеленді. Ал оның анасы Мұқадасхан Ибрагимовада 3 пайызға жуық үлес сақталған. Бұған дейін акциялардың 33 пайызы толықтай соның иелігінде болған, деп жазады Forbes.kz.
Осылайша, ЕҚК акционерлерінің қазіргі құрамы мынадай: Шухрат Ибрагимов — 30%, Мұқадасхан Ибрагимова — 3%, Патох Шодиев — 33% және 2025 жылғы наурызда қайтыс болған Александр Машкевичтің үлесі — әзірге ресми түрде 33%.