"Басымнан өткен нақты жағдайларды мысалға келтірдім": Самат Нұртаза қазақ тілі туралы жазбасына түсініктеме берді

Рая Минап
Фото: әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза тіл мәселесіне қатысты желіде талқыланып жатқан жазбасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат бұған дейін уәде еткендей желідегі парақшасында түсініктеме жариялады. Айтуынша, керісінше сол жылдардағы өзінің басынан өткен нақты жағдайларды мысалға келтірген.

 – Соңғы күндері әлеуметтік желіде талқыланып жатқан "коммент-пікіріме" байланысты түсіндірме берейін.Бұл 2019-2020 жж. тіл төңірегіндегі дискуссияда жазған комментарий болатын.Ол тұста белсенді блогер ретінде, тіл мәселесіндегі диспутқа араластым. Негізгі ойым – осы пікір арқылы тілге деген құрметті күшейту үшін, керісінше мағынада жазылған ой болған. Яки, шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді.Ешқандай зымиян ойым болмады, керісінше сол жылдардағы өзімнің басымнан өткен нақты жағдайларды мысалға келтірген сөздерім еді.Тіпті мемлекеттік қызметте де емес едім сол жылдары.Егер бұл комментарийім біреудің ар-ожданына тиіп кеткен болса, ресми кешірім сұраймын. Мақсат ортақ – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру!, – деп жазды Самат Нұртаза.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Әлеуметтік желілерде депутаттың «Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі.Кіжін сіңір! Ашулан кедей» деген жазбасы қызу талқыға түскенін жазған едік.