Ақтауда қаңтарда жоғалған 38 жастағы әйелдің денесі табылды

Сырым Қаржас
Lada.kz

Ақтауда қаңтар айының соңында жоғалып кеткен әйелді іздеу жұмыстары аяқталды. Полиция оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Әлеуметтік желілерде 30 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалған 38 жастағы Ақтау тұрғынының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген әйелдің денесі табылған.

САРАПТАМА

Полиция өкілдері өлімнің нақты себебі мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты. Оқиғаға құқықтық баға барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң беріледі.

ІЗДЕУ

Әйел 30 қаңтар күні 35-шағынаудандағы үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Сол сәттен бастап полицейлер тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.