Биыл жаңа тұрғын үйлерде пәтер бағасы қанша тұрады?

Рая Минап
Фото: shutterstock.com

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда жаңа пәтердің бағасы өсіп жатыр. Биыл қаңтарда 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жаңа тұрғын үйде баға орта есеппен 2.5% өсті.
Соңғы бес жылда ел бойынша орташа өсім 66% болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz krisha.kz-ке сілтеме жасап.

Бір айда баға қалай өзгерді

2026 жылдың алғашқы айында жаңа тұрғын үйдегі пәтердің бағасы орта есеппен 2.5%-ға қымбаттады.
Ең жоғары өсім тіркелген қалалар:

  • Алматы: +4.2%;
  • Ақтөбе: +4.2%;
  • Орал: +4.1%;
  • Ақтау: +2.8.%;
  • Қостанай: +2.6.%.

Астанада бір айда құрылыс салушылар ұсынатын пәтерлердің бағасы 2.3 %-ға, ал Шымкентте 0.8 %-ға өсті.

Жеті қалада баға өзгерген жоқ. Олар:

  • Атырау,
  • Жезқазған,
  • Көкшетау,
  • Қонаев,
  • Қызылорда,
  • Петропавл,
  • Талдықорған.

Баға ешбір қалада төмендемеді.

Жаңа тұрғын үйде шаршы метр қанша тұрады

Биыл қаңтарда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 604 823 теңге болды. Бұл 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 33 603 теңгеге қымбат.
Қымбат қалалар:

  • Алматы — 719 605 тг/шаршы м;
  • Астана — 715 416 тг/шаршы м;
  • Шымкент — 532 158 тг/шаршы м;
  • Өскемен — 530 773 тг/шаршы м;
  • Атырау — 525 442 тг/шаршы м.

Ең арзан жаңа тұрғын үйлер:

  • Орал — 325 602 тг/шаршы м;
  • Ақтөбе — 341 255 тг/шаршы м;
  • Көкшетау — 341 344 тг/шаршы м;
  • Қызылорда — 387 665 тг/шаршы м;
  • Жезқазған — 397 692 тг/шаршы м.

Бір жылда не өзгерді

Бір жылда (2025 жылғы қаңтармен салыстырғанда) ел бойынша жаңа тұрғын үйдің бағасы орта есеппен 17%-ға өсті.
Ең жоғары жылдық өсім:

  • Алматыда: 23.6%;
  • Павлодарда: 18.5%;
  • Ақтөбеде: 18.4%;
  • Астанада: 18.1%;
  • Қонаевта: 15.7%;
  • Шымкентте: 15.1%.

Ең төмен өсім көрсеткен қалалар::

  • Семей: +1.9%;
  • Қарағанды: +2.7%;
  • Көкшетау: +4.5%;
  • Жезқазған: +5.3%.

Петропавлда баға былтыр қаңтардағыдай.

5 жылдағы баға өзгерісі

2020 жылғы желтоқсаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі бес жылда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 70.1%-ға өсті.
Ең жоғары өсім:

  • Ақтөбе — 89.1%;
  • Астана — 87%;
  • Павлодар — 76.5%;
  • Қостанай — 74.4%;
  • Ақтау — 74.1%.

Алматыда бес жылдағы өсім 69.8 %, Шымкентте 52.2 %-ды құрады.

Ең төмен өсім Жезқазғанда — бар болғаны 7.2 %.

Жаңа тұрғын үйді қайдан іздеу керек

Қазір қандай тұрғын үй кешендері салынып жатқанын және жаңа пәтердің бағасын Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінен біле аласыз.

Мұнда тексерістен өткен тұрғын үй кешендері, өзекті бағалар, пәтер жоспары және құрылыс барысының суреттері бар. Құрылыс салушының зерттеп, әр нұсқаларды салыстырып, өзіңізге лайық пәтерді таңдауға мүмкіндік бар.