Президент Владимир Зеленский Украина халқы Донбастың Ресейге берілуін ешқашан кешірмейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Украина президенті Владимир Зеленскийдің пікірінше, егер бейбіт келісім Украина әскерінің Донбастан біржақты шығарылуын және өңірдің Ресейге берілуін көздейтін болса, мұндай шешімді украин қоғамы қабылдамайды. Бұл туралы ол Axios басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Зеленский мұндай келісімнің ел ішінде терең эмоционалдық салдар туғызатынын айтты.
«Халық мұны ешқашан кешірмейді. Ешқашан. Олар мұны маған да, АҚШ-қа да кешірмейді», – деді Зеленский.
Оның сөзінше, украиналықтар өз жерінің тағы бір бөлігінен бас тартуы тиіс екенін қабылдамайды.
«Бұл – біздің еліміздің бір бөлігі. Ондағы азаматтар да, ту да, жер де – бәрі біздікі», – деді ол.
Сұхбат Женевада 17 ақпанда өткен Украина мен Ресей өкілдерінің АҚШ-тың арағайындығымен ұйымдастырылған тікелей келіссөздерінің үшінші раунды тұсында жазылған. Тараптар арасындағы негізгі келіспеушілік ретінде Донбасс аймағын бақылау мәселесі екені айтылады.