Референдумнан кейін доллар бағамы құлдырай ма: Ұлттық банктің жауабы

Рая Минап
Ulysmedia.kz коллажы

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов АҚШ доллары бағамының төмендеуі сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сенат кулуарында журналистер Қазақстанда доллар айтарлықтай арзандағанын айтып, бұл жағдай алдағы референдуммен байланысты болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Шолпанқұловтың айтуынша, Ұлттық банк валюта бағамын тікелей реттемейді. Ол теңге еркін айырбасталатын валюта екенін және оның бағамы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасатынын айтты.

- Қазіргі жағдай соның айғағы. Сұраныс азайып, ұсыныс көбейді, сондықтан бағам төмендеп жатыр. Бұл таза экономикалық үдерістер», – деді ол.

Сондай-ақ журналистер референдумнан кейін доллар бағамы күрт өсе ме әлде керісінше тағы да төмендей ме деп сұрады.

- Бұл  нарықтық процесс. Бағам сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Мұнда реттеушінің ықпалы жоқ. Нарық қатысушыларының әрекеті нәтижесінде валюта бағамы айқындалады, – деп түйіндеді Шолпанқұлов.

Еске салсақ, бүгін биржада доллар бағамы 490 теңгеден төмен түсті. Бір тәулікте екі теңгеге төмендеді.