Қазақстанның қай өңірінде такси арзан?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда такси қызметінің құны бір жыл ішінде 17%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2025 жылы қазақстандық такси қызметтері 174,5 млн жолаушыны тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп. Алайда нарықтағы жүктеме біркелкі емес: Алматы (33,2 млн) мен Астана (27,6 млн) елдегі жалпы жолаушылар ағынының үштен бірінен астамын қамтамасыз еткен.

Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді — 1,4 млн жолаушы. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (2,7 млн) және Шығыс Қазақстан облысы (3,5 млн) келеді.

БАҒА

Ел бойынша орташа чек 1,1 мың теңге болды. Ең жоғары орташа баға Қарағанды облысында — 1,5 мың теңге, ең төмені Қызылорда облысында — 540 теңге. Алматы мен Астанада да жоғары көрсеткіш тіркелген — орта есеппен 1,4 мың теңге.

Жалпы алғанда, 2025 жылы такси қызметінің бағасы 17%-ға өскен. Ең айқын өсім Түркістан облысында байқалды — +42,9%. Одан кейін Ақмола облысы (+37,7%) және Жетісу облысы (+21,2%) тұр. Баға өзгермеген жалғыз өңір — Павлодар облысы, деп жазады Energyprom.

ЗЕРТТЕУ 

Жаңа жылдан бастап күшіне енген Салық кодексі Қазақстан нарығының түрлі салаларында бағаның өсуіне бірден-бір себеп болып отыр. Осы орайда Ulysmedia.kz тілшісі такси нарығында қандай өзгерістер болып жатқанына үңіліп көрді