Жабдықты су қоймасынан шығару шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Kazinform агенттігінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 20 ақпан күні сағат 12:40 шамасында болған. Сол кезде Ақмола облысы Целиноград ауданы полиция бөлімшесіне Қабанбай батыр ауылына жақын жердегі оқиға туралы хабарлама түскен.
– Алдын ала мәліметтер бойынша, балшық өндіретін карьердегі су қоймасына экскаватор батып кеткен, оның кабинасында 1996 жылы туған жүргізуші болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр. Жабдықты су қоймасынан шығару шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.