Тоқаевты Рамазан айының басталуымен кімдер құттықтады

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

РАМАЗАН АЙЫ

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі. 

Биылғы Ораза күндерінің кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.