Ирандағы жағдайдан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма – CІМ жауабы

Ulysmedia

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түспеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етт.

«Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ»,  – деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске салайық, 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батысында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болып, 2 адам қаза тапты, тағы 664 адам жарақат алды.

Сондай-ақ, кеше Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майларын шығаратын ірі зауыт өртенді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуылдады