АЭС құрылысына кедергі болмай ма? Росатом санкцияға қатысты жауап берді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Росатом Ұлыбритания тарапынан салынған санкцияға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Росатом» баспасөз қызметі кез келген біржақты шектеулерді халықаралық құқық тұрғысынан заңсыз деп есептейді. Бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыты – қауіпсіздік, ал мұндай шаралар осы негізгі қағидатқа кері әсерін тигізеді дейді компания өкілдері. 

- «Росатом» атом энергетикасы саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшы болып табылады және жекелеген мемлекеттердің біржақты әрі легитимді емес шешімдері бұл мәртебеге нұқсан келтіре алмайды. Мемлекеттік корпорация шетелдегі барлық жобалары бойынша міндеттемелерін орындауды жалғастыруда: біз шетелде атом электр станцияларын салу бойынша әлемде бірінші орындамыз, нарықтағы үлесіміз – 90%. Сондай-ақ ядролық отын өнімдері нарығының негізгі қатысушысымыз. Біз серіктестермен бірлесіп ядролық медицина және басқа да жоғары технологиялық салаларда жобаларды іске асырудамыз, 60-тан астам елмен ынтымақтастық орнатқанбыз және олар үшін сенімді әріптес болып қала береміз, – дейді компания. 

АЭС

Еске салайық, Қазақстан үкіметі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша халықаралық консорциум көшбасшысы Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясы болатынын айтқан еді. АЭС салынады деп белгіленген Алматы облысындағы Үлкен ауылынан топырақ сынамалары алынған.