Дубай халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Бұл шешім жолаушылардың, әуежай және әуе компаниялары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дубай халықаралық әуежайы әуе қорғаныс жүйелерінің жұмысына байланысты белгісіз мерзімге қызметін уақытша тоқтатты. Бұл туралы әмірлік үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Дубай халықаралық әуежайының (DXB) жұмысы уақытша тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ираннан Қазақстанның 66 азаматы елге қайтарылғанын хабарлаған едік.