АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның 16 миналы катерін жойды

Сырым Қаржас
Фото: reuters

АҚШ әскері Ормуз бұғазы маңында Иран кемелеріне бірқатар соққы жасап, миналау үшін қолданылған 16 катерді жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Иранның миналы катерлерінің жойылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп жазды DW басылымы.

КОНТЕКСТ

10 наурыз күні таңертең Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ пен Израиль Иранға шабуылдарын жалғастырып жатқан жағдайда, ел аймақтан бір литр мұнайдың да экспортталуына жол бермейтінін мәлімдеген.

Ислам революциясы сақшылар корпусы тек өз аумағынан америкалық және израильдік дипломаттарды шығарып жіберген мемлекеттерге ғана ерекше жағдай жасалуы мүмкін екенін айтқан.

РЕАКЦИЯ

Осы мәлімдемеден кейін CBS News телеарнасы АҚШ барлау қызметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Иран Ормуз бұғазын миналауға дайындалып жатқанын хабарлаған.

Бұл ақпаратқа байланысты Дональд Трамп Тегеранға ескерту жасап, егер Иран бұғаз акваториясын миналай бастаса, онда оны «бұған дейін болмаған салдар» күтіп тұрғанын мәлімдеген.