Астанада Жанәбіловтерге қатысты кезекті сот отырысы басталды

Рая Минап
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада блогер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегеноваңа қатысты негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот өтінішхат түсіруден басталды. Айыпталушылардың адвокаты куәгерлер мен тергеушілерден жауап алуды талап етті.

Судья тек куәгерлерден жауап алуға қаулы етті.

Қазіргі уақытта ұтыс ойынының сайты мен ұтыс барабанын әзірлеушіден жауап алынып жатыр. Ол өзіне 10 млн уәде етілгенін, бірақ қолына 7-8млн алғанын айтты. Айыпталушылар өз кіәларын мойындау туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

Адвокаттың тергеушілерден жауап алу туралы өтінімхаты ашық қалдырылды. Ал куәгерлердің жауабы ішінара қанағаттандырды. 

КОНТЕКСТ 

Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыптылар өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.